Тбилиси көшесіне қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының есімі берілді

Тбилиси көшесіне қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының есімі берілді

Сүйінші, қазақ елі!

Тбилисиде қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай атындағы көше ашылатын болды! Тбилиси қалалық жиналысының 2020 жылғы 24 шілдедегі №188 қаулысына сәйкес, Грузия астанасындағы көшеге қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абайдың атын беру туралы шешім қабылданды. Көшенің салтанатты ашылуы жуырда ұйымдастырылатын болады!  

Сонымен қатар, биылғы мерейтойлы жылы хәкім Абай алғаш рет грузин тілінде сөйледі. Елшіліктің қолдауымен Абай Құнанбайұлының өлеңдері тұңғыш рет грузин тіліне аударылып, өлеңдер жинағы Тбилисидегі «Мерани» баспасынан басылып шықты. Аудармашы – белгілі грузин ақыны, Илья Чавчавадзе, Анна Каландадзе және Галактион Табидзе атындағы сыйлықтардың иегері, бірнеше өлең жинақтарының авторы, Грузия Жазушылар Одағының Төрайымы Маквала Гонашвили. Грузин тілінде Абай өлеңдері жергілікті әдеби журналдарда басыла бастады.