Тбилиси-Алматы бағыты бойынша репатриациялық рейс

Тбилиси-Алматы бағыты бойынша репатриациялық рейс

2020 жылғы 23 шілдеде Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен Алматы-Тбилиси-Алматы бағыты бойынша жүзеге асырылған репатриациялық рейспен ниет танытқан екі елдің азаматтары отандарына оралды.

          Осы рейспен елімізге гуманитарлық жүк те жолданды. Медициналық қорғаныс костюмдері мен маскалары, биоқауіпсіздік костюмдерінен тұратын гуманитарлық жүк Қазақстан ұлттық компанияларының Грузиядағы филиалдары – «Батуми мұнай терминалы», «Ромпетрол Грузия», «Халық банк Грузия», сондай-ақ осы елдегі қазақстандық дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің демеушілік көмек қаржысына алынды. Өз кезегінде, «Эйр Астана» компаниясы аталған гуманитарлық көмекті Қазақстанға тегін тасымалдап, өз үлесін қосты.

ҚР Грузиядағы елшілігі