Қазақстанның Елшісі Грузия Парламентінің Спикерін ҚР-да жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды

Қазақстанның Елшісі Грузия Парламентінің Спикерін ҚР-да жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды

Тбилиси, 2024 жылғы 1 сәуір – Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин Грузия Парламентінің Төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан-Грузия парламентаралық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ екі ел арасындағы қатынастардың жан-жақты дамуы талқыланды.

Елші мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы ынтымақтастықтың  қазіргі әлеуетін атап өтті.

Ш.Папуашвилидің елімізге жоспарланған сапары қарсаңында грузин тарапын Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен, инвестициялық мүмкіндіктермен, сондай-ақ халықаралық бастамалармен таныстырды.

Атап айтқанда, Елші Грузия Парламентінің Спикерін Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформалар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің рөлін күшейту туралы хабардар етті.

М. Мырзалин сондай-ақ Грузиядағы «Батуми мұнай терминалы», «Батуми теңіз порты» және «Rompetrol Georgia» сияқты қазақстандық ұлттық компаниялардың қызметіне назар аударып, олардың Грузия экономикасына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Бұл ретте Елші Қазақстанның Грузияға инвестициялар салу, сауда-экономикалық қатынастар және туристік кезеңде осы елге келу бойынша көшбасшылардың бірі болып табылатынын атап өтті.

Грузия Спикері парламентаралық ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтіп, екі елдің заң шығарушы органдары арасында тәжірибе алмасуға мүдделілік білдірді.

Кездесу соңында тараптар елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға бейілділігін және жоспарланған бірлескен жобалардың болашағы зор екенін тағы да растады.