Елші М.Мырзалиннің Италия Елшісімен кездесуі туралы

Елші М.Мырзалиннің Италия Елшісімен кездесуі туралы
 
Қазақстанның Тбилисидегі Елшілігінде Елші Мәлік Мырзалиннің жақында осы лауазымға тағайындалған Италияның Грузиядағы Елшісі Массимилиано Д ' Антуономен кездесуі өтті.
 
Достық әңгіме барысында дипломаттар Қазақстан мен Италия арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша қарым-қатынастардың жоғары деңгейі мен сындарлы сипатын атап өтті.
 
Сондай-ақ, Қазақстан мен Грузия және Италия мен Грузия ынтымақтастығын дамытудың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.
 
Кездесу соңында дипломаттар байланыстарды жалғастыру және өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты.