«Батуми теңіз порты» алғаш рет қазақстандық аммиак селитрасын жөнелтуді іске асырды

«Батуми теңіз порты» алғаш рет қазақстандық аммиак селитрасын жөнелтуді іске асырды

«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ЕНШІЛЕС КӘСІПОРНЫ АЛҒАШ РЕТ ӘЛЕМДІК НАРЫҚТАРҒА ЖЕТКІЗУ ҮШІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АММИАК СЕЛИТРАСЫН АУЫСТЫРЫП ТИЕУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

«Батуми теңіз порты» ЖШҚ алғаш рет қазақстандық аммиак селитрасын бір кеме – 3 мың тонна көлемінде жөнелтуді іске асырды.

Бұған дейін жүктер Ақтау портынан Ховсан портына (Әзербайжан) қарай жөнелтіліп, одан әрі Батуми теңіз портында (Грузия) ауыстырылып тиеліп, тауар әлемдік нарықтарға әрі қарай экспортқа жөнелтілді.

Минералды тыңайтқышты жөнелтуші – «ҚазАзот» АҚ 2024 жылдың соңына дейін өндіруші Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Батуми портына 50 мың тоннадан астам көлемде аммиак селитрасын жөнелтуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) арқылы Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік етеді және басқарады. БМТ «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-ның 100% үлесін басқаруға айрықша құқықтарға ие.