Грузия Парламентіндегі кездесу туралы

Грузия Парламентіндегі кездесу туралы

19 мамырда Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәлік Мырзалин Грузия Парламентінің Салалық экономика және экономикалық саясат комитетінің төрағасы Давид Сонгулашвили мырзамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде парламентаралық байланыстарды нығайту және парламенттік делегациялардың сапарларымен алмасу мәселелерін талқылады. Елші мемлекет басшысы жүргізіп жатқан саяси реформалар, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті.

https://parliament.ge/media/news/davit-songhulashvili-sakartveloshi-qazakhetis-elchs-shekhvda https://parliament.ge/en/media/news/davit-songhulashvili-sakartveloshi-qazakhetis-elchs-shekhvda