«Азия Дауысы» сахнасында өнер көрсетуге шақыру қағазын жеңіп ал!

«Азия Дауысы» сахнасында өнер көрсетуге шақыру қағазын жеңіп ал!

Алматының әсем тауларындағы «Медеу» мұз айдынында аты аңызға айналған қазақстандық «Азия дауысы» фестивалі 18 жылдан кейін қайта жаңғырмақ.

Азияның түкпір-түкпірінен келген үздіктермен бір сахнада өнер көрсеткіңіз келсе «Отандастар қоры» КеАҚ және "Азия Дауысы" халықаралық фестивлі ҚҚ бірлесіп ұйымдастыруымен шетелде тұратын этникалық қазақтар арасында онлайн форматта өтетін халықаралық этно әндер байқауына қатысуға шақырамыз!

Байқау шарттары:
1. Байқауға кез-келген жастағы конкурс жүлдегерлері қатыса алады.
2. Әншілер байқауға жеке және топтық түрде қатыса алады.
3. Қатысушылар 2-4 минут аралығында, жанды дауыста этно стильде ән орындап mp4 форматтағы видео ретінде fund.otandastar@gmail.com эл-почтасына төмендегі көрсетілген ақпараттармен бірге жолдауы керек.
-Толық аты-жөні;
-Жасы;
-Мемлекеті;
-Қызметі;
-Орындаған ән атауы;
-Конкурстан жеңіп алған сертификаттары;
-Түсірген бейнеклиптері немесе бұрынғы орындаулары.
4. Қатысушы өзі жіберген бейнежазбаның әлеуметтік желілерде жариялануына келісуі керек.
5. Жолдайтын өз бейнежазбасын әлеуметтік желіде @otandastar_qory – Instagram, @OtandastarQory – Facebook, @otandastarqory – TikTok парақшасын белгілеп бөлісіп, #OQbaikau#AsiaDauysy хэштегтерін белгілеп салу қажет.

Қатысушылардың байқау бойынша жұмыстары:
Бейнежазбалар 2023 жылғы 29 сәуірден 29 мамыр аралығында fund.otandastar@gmail.com электронды почта арқылы қабылданады.

Байқау жеңімпазы 2023 жылғы «Азия Дауысы» фетивалінде өнер көрсетуге ЖОЛДАМА ұтып алады.

Сұрақтар үшін: +77471783938