Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл дипломатиялық корпус үшін брифинг өткізді

Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл дипломатиялық корпус үшін брифинг өткізді

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 8 шілде - Сыртқы істер министрлігінде бейнеконференция форматында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э.Әзімованың Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпусқа арналған брифингі өтті.

Іс-шараға дипломатиялық миссиялардың 40-тан астам басшысы мен 8 халықаралық ұйым қатысты. Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Әділет министрлігінің, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты.

Омбудсмен Э.Әзімова адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2021 жылғы жоспарын және адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралардың 2022-2024 жылдарға арналған жоспарын іске асыру барысы туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, ол азаптаулардың алдын алу, әйелдердің, мигранттардың, босқындар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары, адам саудасына қарсы іс-қимыл, мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіру және т. б. саласындағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

Бұдан басқа, қатысушыларға Қазақстан омбудсмені институтының қызметі мен одан әрі даму перспективалары, адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы әзірленген заң жобасы, сондай-ақ омбудсмен аппаратын нығайту және өңірлік өкілдіктерді құру жөніндегі жоспарлар туралы ақпарат ұсынылды.

Соңында Э.Әзімова шетелдік әріптестеріне алғыс айтып, одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Талқылау сессиясы барысында дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын ілгерілету мақсатындағы қызметіне берік қолдау білдірді.