«Цифрландыру саласындағы ынтымақтастық және әлеуетті дамыту» тақырыбындағы халықаралық кездесу

«Цифрландыру саласындағы ынтымақтастық және әлеуетті дамыту» тақырыбындағы халықаралық кездесу

Тбилиси, 2022 жылғы 20-21 маусым - қазақстандық делегация Корея Республикасы мен Грузия үкіметтерімен, сондай-ақ БҰҰДБ және Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ұйымдастырылған «Цифрландыру саласындағы ынтымақтастық және әлеуетті дамыту» тақырыбындағы халықаралық кездесудің жұмысына қатысты.

Іс-шара барысында Астана мемлекеттік қызмет Хабының төрағасы Әлихан Баймен  Кореяның ішкі істер және қауіпсіздік министрі Сан Мин Ли ( Sang-min Lee) мырзамен келіссөз жүргізіп , Хаб пен Корея үкіметінің ортақ жобаларының болашағы туралы пікір алмасты.

Қазақстанның делегациясы Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ  мемлекеттерінің дижитализация мен инновация әлеуетін көтеруге бағытталған семинар жұмысына атсалысты.