ASTANA FINANCE DAYS 2022 конференциясы 2022 жылғы 27-29 маусымда оффлайн және онлайн-форматтарда өтеді.

ASTANA FINANCE DAYS 2022 конференциясы 2022 жылғы 27-29 маусымда оффлайн және онлайн-форматтарда өтеді.

Конференцияға тіркеу басталды. AFD-аймақтағы ең ірі қаржылық конференциялардың бірі. 2018-2021 жылдар ішінде AFD әлемнің 100 елінен 15000-нан астам қатысушыны тартты. Биылғы конференцияның тақырыбы "Тұрақты даму, әлеуметтік жауапкершілік және өсу" болмақ. Қатысушылар мен баяндамашыларға ыңғайлы болу үшін биылғы жылы конференция гибридті форматта – оффлайн және онлайн форматта өтеді. Іс-шараға қатысу тегін, тіркелу міндетті. Конференцияның барлық сессияларына қатысу үшін атаулы бейдж алу қажет. Бейдждер конференцияға тіркелген қатысушыларға АХҚО аумағында орналасқан Аккредиттеу орталығында берілетін болады. Қатысушының бейдж арқылы жабық іс-шараларға немесе тек шақыру бойынша қатысатын іс-шараларға  қатыса алмайтынын ескеріңіз. Іс-шараға жеке қатысу мүмкіндігі жоқ тіркелген қатысушылар www.astanafindays сайты арқылы конференцияға виртуалды түрде қатыса алады. Байланыстар pr@aifc.kz - БАҚ сұраулары; 27-29 маусымда аймақтағы ең ірі іскерлік іс-шаралардың бірінде бізге онлайн қосылыңыз және оны өз желіңізбен бөлісіңіз. Қосымша ақпарат алу үшін конференцияның веб-сайтына кіріңіз.

Толығырақ: https://astanafindays.org/en

Кредит: http://Inform.kz