Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы

Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы

Душанбе, 2022 жылғы 13 мамыр – Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Тәжікстан астанасында ТМД СІМК алаңында өткен Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысты.

Кездесуге қатысушылар Орталық Азия елдерінің Мемлекет басшыларының кезекті консультативтік кездесуін ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Тараптар күш-жігерді өңірлік өзара іс-қимылдың стратегиялық маңызды бағыттарына шоғырландыруға дайын екендіктерін білдірді, сондай-ақ өзекті халықаралық проблемаларды қарастырды.

Орталық Азия мемлекеттері арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында одан әрі кеңейту орнықты әлеуметтік-экономикалық дамудың, өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудың маңызды факторы болып табылатыны атап өтілді.

Сол күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин Душанбедегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің жаңа ғимараты салынып жатқан жерге капсула салу салтанатты рәсіміне қатысты.