Қазақстан СІМ-де ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен референдумға дайындық талқыланды

Қазақстан СІМ-де ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен референдумға дайындық талқыланды

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 11 мамыр – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Сайлау жөніндегі аға кеңесші Алексей Громов бастаған ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Қажеттіліктерін бағалау жөніндегі миссиясын қабылдады.

Бюро өкілдері елімізге 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдумға байланысты келді.

 

Дәстүрлі түрде ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің қажеттіліктерін бағалау миссиялары сайлауға немесе референдумға дейін жағдайға талдау және дайындық жұмыстарының егжей-тегжейін нақтылау мақсатында барады. Олардың міндеттерінің бірі сайлауды ЕҚЫҰ ДИАҚБ тарапынан барынша қолайлы байқау форматы бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Кездесу барысында тараптар халықаралық байқаушыларды аккредиттеу рәсімін және референдумға дайындықтың басқа да мәселелерін талқылады. Тараптар ЕҚЫҰ ДИАҚБ мен Қазақстан Республикасы арасындағы, оның ішінде сайлау науқандары арасындағы диалогтың жандануы мен сындарлы сипатын құптады.