Ираклий Гарибашвили: біз Қазақстандағы қайғылы оқиғаларға қайғыра отырып, қысқа мерзімде жағдайдың түпкілікті орнығуы үшін барлық шаралар қабылданады деп үміттенеміз.

Ираклий Гарибашвили: біз Қазақстандағы қайғылы оқиғаларға қайғыра отырып, қысқа мерзімде жағдайдың түпкілікті орнығуы үшін барлық шаралар қабылданады деп үміттенеміз.

«Біз Қазақстанда болған қайғылы оқиғаларға қатты қайғырып, қысқа мерзімде жағдайдың түпкілікті орнығуы және қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданады деп үміттенеміз», - деп Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Мен Қазақстандағы ағымдағы оқиғалар бойынша үн қатқым келеді. Біз соңғы күндердегі оқиғаларды мұқият бақылап отырдық. Біз Қазақстанда болған және ондаған адамдардың қаза болуына әкеп соққан қайғылы оқиғаларға қатты алаңдаймыз. Қысқа мерзімде жағдайды түпкілікті орнықтыру, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданады деп үміттенеміз. Біз елдің дағдарыстың салдарын тез арада еңсеруін қалаймыз. «Біз бауырлас Қазақстан мен қазақ халқының одан әрі дамуын тілейміз», - деді Гарибашвили.

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, Қазақстанда жүрген Грузия азаматтары жақын күндері елге оралады.

«Қазақстандағы грузиялық азаматтарға келетін болсақ, Грузия дипломатиялық миссиясы олармен байланыста болып, мүмкіндігіне қарай сол жерде тиісті көмек көрсетті.

Үкіметтің белсенді жұмысының нәтижесінде олардың бір бөлігі Грузияға оралды. Елшілік Қазақстанда қалған Грузия азаматтарымен байланыста және қажет болған жағдайда көмек көрсетуде. Алдағы күндері олар Грузияға оралады» - деді Иракли Гарибашвили.

 

Сілтеме: https://1tv.ge/news/irakli-gharibashvili-dzalian-ganvicdit-yazakhetshi-ganvitarebul-tragikul-movlenebs-vimedovnebt-umokles-vadebshi-yvela-zoma-iqneba-mighebuli-vitarebis-saboloo-deeskalaciistvis/

 

 

10.01.2022