Көлік-логистика саласын дамыту бойынша іс-шара өтті

Көлік-логистика саласын дамыту бойынша іс-шара өтті

2021 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігі ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Кездесу барысында ҚР мен Грузия арасындағы көлік және логистика саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Іс-шараға Грузияның Экономика министрінің орынбасары, Грузия логистика қауымдастығының төрағасы, Грузия экспедиторлар қауымдастығының төрағасы және т.б. қатысты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Мұхамеджанов ашты. ҚР Елшісі жүк ағынының ұлғаюына және тиісінше елдер арасындағы өзара сауда көлеміне кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді атап өтіп, қабылдаушы елдің құзыретті органдары мен көлік және логистика саласында қызмет атқаратын грузиялық бизнесмендерді бірлесіп, белсенді жұмыс істеуге және проблемаларды шешуге шақырды.

Грузия экономика министрінің орынбасары Г.Гурамишвили, өз кезегінде, «Грузия-Қазақстан сауда қатынастары контексіндегі Грузия көлігі саласындағы ағымдағы жобалар» тақырыбында сөз сөйледі.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің құзыретті мекемелері мен ұйымдарының қатысуымен алдағы уақытта осындай кездесу ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.