Топик 1 |
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі |
Топик 2 |
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы |
Топик 3 |
XIX Съез Хатшылығына дейін және одан кейін ұйымдастырылатын дөңгелек үстелдер топтамасы |
Топик 4 |
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы |
ТОПИК 1
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ
Жалпы ақпарат. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі алғаш рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен өткізілді.
2003 жылғы 13 ақпанда беделді діни лидерлер мен олардың христиан, ислам, иудаизм және өзге де діни сенім өкілдері қатысқан діндер, мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастыруда маңызды рөл атқарған Бейбітшілік және келісім халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде Елбасы Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуге бастама жасады.
Съез өткізу идеясын алғашқылардың бірі болып Елбасының Ватиканға сапары барысында католик шіркеуінің өкілдері қолдады.
Съез атына АҚШ, Ресей, Франция, Италия, Сауд Арабиясы, Египет, Польша, Германия және ірі халықаралық ұйымдардың басшылары өз құттықтауларын жолдағандығы Қазақстанның жаңа бастамаларына деген сенімі мен жетістіктерін әлем мойындағандығын көрсетеді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің миссиясы:
Съездің негізгі басымдықтары:
Съез міндеттері:
Съездің хронологиясы:
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І съезі. 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өтті. Дінаралық саммитке Еуропаның, Азияның, Африканың және Таяу Шығыстың 13 елінен рухани иерархтар мен құрметті қонақтар қатысты.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезі. 2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде өткізілді. Конгресс жұмысы жаңа, арнайы салынған ғимаратта – Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Дінаралық саммитке Еуропа, Америка, Азия және Африканың 20 елінен, әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері мен құрметті қонақтардан 29 делегация қатысты.
Съездің негізгі тақырыбы – «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік».
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III съезі. 2009 жылдың 1-2 шілдесінде өткізілді. Съезге әлемнің барлық негізгі діндерінің өкілі ретінде әлемнің 35 елінен 77 делегация қатысты.
Съездің негізгі тақырыбы: «Толеранттылық, өзара құрмет және ынтымақтастыққа негізделген әлемді қалыптастырудағы діни лидерлердің рөлі».
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі. 2012 жылдың 30-31 мамырында өткізілді. Съезге әлемнің 40 елінен барлық әлемдік және дәстүрлі діндерді, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдардың өкілдері ретінде 85 делегация қатысты.
Съездің негізгі тақырыбы: «Бейбітшілік пен келісім адамзаттың таңдауы ретінде».
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі.
2015 жылдың 10-11 маусымында өткізілді. Съезге әлемнің 42 елінен барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің, сондай-ақ беделді діни көшбасшылардың, саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың 80-нен астам делегациясы қатысты.
Съездің негізгі тақырыбы: «Бейбітшілік пен даму мақсатындағы діни лидерлер мен саясаткерлер арасындағы диалог».
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі. 2018 жылдың 10-11 қазанында өткізілді. Съез жұмысына барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдардың өкілдері, әлемнің 43 елінен 82-ден астам делегация қатысты.
Съездің басты тақырыбы – «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін».
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің бастамалары:
II Съез бастамалары:
III Съез бастамалары:
IV Съез бастамалары:
V Съез бастамалары:
- Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы;
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Құрмет медалі.
VI Съез бастамалары:
ТОПИК 2
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ ХАТШЫЛЫҒЫ
Жалпы ақпарат. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы - бұл әр отырыстың қызметін қамтамасыз ететін Съездің жұмыс органы.
2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші Съезіне қатысушылардың шешімі бойынша құрылған.
Съез Хатшылығының басшысы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.
Хатшылық құрамына ислам, христиан (православие, католицизм, лютерандық), буддизм, иудаизм, индуизм, зороастризм, даосизм, синтоизмнен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өкілетті өкілдері кіреді.
2003-2021 жылдар аралығында Съез Хатшылығының 18 отырысы өткізілді.
Хатшылық:
– Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кеңесі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездерін қамтамасыз етеді;
– Кеңестің бекітуіне Съездің ұсыныстары мен күн тәртібін әзірлейді;
*Анықтамалық: Діни лидерлер кеңесі әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің басқарушы органы болып табылады. Діни көшбасшылар кеңесіне негізгі әлемдік және дәстүрлі діни бірлестіктер мен конфессиялардың басшылары кіреді. Кеңес Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жазбаша келісімімен құрылады. Құрылтайшылардың келісімімен не Хатшылықтың ұсынымы бойынша Кеңестің құрамына жаңа мүшелер енгізілуі мүмкін. Кеңес отырыстары кемінде үш жылда бір рет шақырылады. Ерекше жағдайларда Кеңестің кезектен тыс отырыстары шақырылуы мүмкін. Бірінші Кеңес 2012 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезі жұмысының аясында өтті (кеңес отырысы 2012, 2015, 2018 жж. өтті). Кеңес дағдарыс кезінде мәлімдемелер немесе үндеулер жасай алады.
– декларация, мәлімдеме мәтіндерінің және кеңес қабылдайтын өзге де қорытынды құжаттардың жобаларын дайындайды;
– шешім жобаларын немесе өзге құжаттарды Кеңес мүшелеріне таратуды қамтамасыз етеді;
– кеңестің тапсырмасы бойынша хатшылықтың басшысы Съезді басқа дінаралық форумдармен және ұйымдармен қарым-қатынаста ұсынады.
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ XIX ХАТШЫЛЫҒЫ
2021 жылдың 5 қазан күні, Съездің XIX Хатшылығы қарсаңында (Нұр-сұлтан қаласы) Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл Болат Сәрсенбаевтың басшылығымен Съез Хатшылығы Жұмыс тобының отырысы өтеді.
Жұмыс тобының отырысына Ислам істері министрлігінің өкілдері, Сауд Арабиясы Корольдігінің үндеуі мен уағыз өкілдері, Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институты (Пәкістан), Египет Араб Республикасының Уақыфтар министрлігі, Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімі, Қасиетті Тақтың Папалық кеңесінің дінаралық диалог бойынша Ислам бюросы (Ватикан), Дүниежүзілік Лютеран Федерациясы, Англикан шіркеуі (Ұлыбритания), Израильдің Бас сефард раввині, Орталық Азиядағы «Чогие» Корей Буддисттік ұйымы және Джаынс храмы, «Сомайя Видьявихар» университетінің Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік жөніндегі бағдарламалары (Үндістан) және басқа да ұйымдастырдың қатысуы жоспарлануда.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының Жұмыс тобы қатысушыларының толық тізімі Н. Назарбаев орталығының сайтына орналастырылады: http://religions-congress.org.
2021 жылдың 6 қазанында Бейбітшілік және келісім сарайында (Нұр-сұлтан қаласы) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен XIX Съезд Хатшылығы өтеді.
XIX Съезд Хатшылығының күн тәртібі мынадай мәселелерді қарауды көздейді:
XIX Хатшылықтың құрамына шетелдік діни жетекшілер мен халықаралық орталықтар басшыларының өкілдері енгізіледі. Атап айтқанда, Әл-Азхардың Исламдық зерттеулер академиясы (Египет), Дүниежүзілік Ислам Лигасы (Сауд Арабиясы), Кавказ мұсылмандары басқармасы (Әзірбайжан), Ислам, шақыру және тәлім беру істері жөніндегі министрлік (Сауд Арабиясы), Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институты (Пәкістан), Мысыр Уақыфтар министрлігі, Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімі, Армян апостолдық шіркеуінің украин Епархиясы, Қасиетті Тақтың Папалық кеңесінің дінаралық диалог бойынша Ислам бюросы (Ватикан), Англикан шіркеуі (Ұлыбритания), Дүниежүзілік Лютеран Федерациясы, Израильдің Бас сефард раввині, Израильдің Ашкенази раввині, Дүниежүзілік буддистер қауымдастығы (Таиланд), Қытай буддистер қауымдастығы, Қытай даосистер қауымдастығы, "Джинджя Хонче" синтои ұйымы (Жапония), «Сомайя Видьявихар» университетінің Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік жөніндегі бағдарламалары (Үндістан), БҰҰ Өркениеттер альянсы (АҚШ), Мұсылман ақсақалдар кеңесі (БАӘ) және т.б.
Қазақстан діни бірлестіктерінің өкілдері және келесі бірінші мемлекет басшыларының қатысуы жоспарлануда:
Мәулен Әшімбаев – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы.
Аида Балаева – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Директорлар кеңесінің төрайымы.
Ақан Рахметуллин – Сыртқы істер министрінің орынбасары, Съез Хатшылығы басшысының орынбасары.
Серік Егізбаев – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі, Съез Хатшылығы басшысының орынбасары.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIX отырысына қатысушылардың толық тізімі Н. Назарбаев орталығының сайтына орналастырылады: http://religions-congress.org.
ТОПИК 3
СЪЕЗДІҢ XIX ХАТШЫЛЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА ЖӘНЕ ХАТШЫЛЫҚТАН КЕЙІН ӨТКІЗІЛЕТІН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР СЕРИЯСЫ
Съез Хатшылығының XIX отырысына дайындық жұмысы шеңберінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктер базасында дөңгелек үстелдер сериясын іске қосады. Дөңгелек үстелдер Елбасының конфессияаралық диалогты қамтамасыз ету және сақтау бойынша негізгі бастамаларын ілгерілетуге, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамытуға бағытталған.
Барлығы 13 дөңгелек үстел (Армения, Венгрия, Германия, Үндістан, Иран, Канада, Қырғызстан, Малайзия, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Түркия, Чехия және Швейцария) өткізу жоспарлануда. Дөңгелек үстелге Хатшылық пен Съез мүшелері, жергілікті діни лидерлер, жетекші сарапшылар, саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ әлемдік беделді ғылыми-зерттеу институттары, сараптамалық «ми» орталықтары (think tanks), жоғары оқу орындары, халықаралық ұйымдар және жетекші әлемдік БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.
Съез Хатшылығының XIX отырысы қарсаңында Мумбай, Исламабад, Женева, Прага және Эр-Риядта 5 дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі мен оның институттары туралы қосымша ақпарат Н. Назарбаев Орталығының сайтында жарияланған: http://religions-congress.org.
ТОПИК 4
КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ Н. НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ
Жалпы ақпарат. Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығын құру идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысушыларының бастамасымен 2018 жылдың қазанында көтерілген болатын.
2019 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №226 Қаулысымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы құрылды.
Орталықтың негізгі бағыттары:
Орталықтың мақсаттары мен міндеттері:
Орталық жұмысының стратегиялық блогы аналитикалық бағытқа арналған. 2020 жылғы 26 мамырдан бастап орталықтың жанынан діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты құрылды.
Институт әлемдегі діни ахуалға тұрақты негізде талдау жүргізеді. Сараптамалық-талдау материалдары өзекті тақырыптар бойынша (олардың ішінде өркениетаралық және конфессияаралық даму саласындағы әлемдегі діни трендтер, ортақ мақсаты бар институттардың, диалог алаңдарының халықаралық тәжірибесін, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі зерделеу, 2019-2020 жылдарға арналған әлемнің діни картасы, діни ғимараттар құрылысын құқықтық реттеудің шетелдік тәжірибесі, Дін мәселелері және діни қайраткерлердің, жастардың және т.б. әлеуметтік жауапкершілігі) жүргізіледі.
Сонымен қатар, орталық базасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезін өткізу шеңберінде 2018 жылғы 10 қазанында ашылған Бейбітшілік және келісім мұражайы жұмыс істейді.
Мұражайдың негізгі мақсаты – Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын және әлемдік музей орталықтарын дамытудың қазіргі заманғы үрдістеріне сай келетін инновациялық музей кешенін құру арқылы адамзат проблемаларын шешу үшін мемлекетаралық және өркениетаралық өзара іс-қимылдың замануи тәжірибесін сақтау және танымал ету.
Орталықтың серіктестері. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын жаһандық деңгейде насихаттауда орталық қызметінің басым бағыты халықаралық құрылымдармен қарым-қатынас орнату болып табылады.
Орталықтың тұсаукесерлері Ватикан, АҚШ, Сауд Арабиясы Корольдігі, Жапония, Сингапур, Швейцария, Түркия, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Бельгия, Австрия, Польша, Үндістан, Пәкістан сияқты жетекші діни ұйымдар мен халықаралық құрылымдарда өтті.
Қазіргі уақытта Орталық Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институты, Халықаралық мәдени дипломатия институты, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қасиетті Тақтың дінаралық диалогы бойынша Папалық Кеңес (Ватикан), Назарбаев университеті, Баку конфессияаралық және өркениетаралық ынтымақтастық орталығы, Шарджа университеті (БАӘ), Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы ислам өркениеті орталығы, ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институты, ҚР орталық мемлекеттік мұражайы, ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Оманның «Asdaa Oman» онлайн газеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «Хабар" Агенттігі» АҚ және БҰҰ Өркениеттер Альянсымен әріптестік туралы келісімге қол қойылды.
Н. Назарбаев орталығы туралы қосымша ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында: «Facebook», «Twitter», «Instagram», «Telegram" арнасында және корпоративтік сайтта http://religions-congress.org. жарияланған.