Тбилисиде «Халықаралық қоғамдастыққа танымал Қазақстан» - атты фотокөрме ашылды

Тбилисиде «Халықаралық қоғамдастыққа танымал Қазақстан» - атты фотокөрме ашылды

Тбилиси, 2021 жылғы 1 қыркүйек – Сухуми мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды.

Алғашқы фотокөрменің Грузияның жетекші жоғары оқу орындарының бірінде өтіп жатқаны кездейсоқ емес, өйткені мұнда Қазақстанмен достыққа өзіндік дәнекерлердің бірі Абай аудиториясы орналасқан.

Көрмеде Қазақстан, оның мәдениеті, адамдары, табиғаты, сәулеті, ұлттық тағамдары туралы баяндайтын фотосуреттер, кітаптар, экспозициялар ұсынылған.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Грузияда өткізіліп жатқан іс-шаралар шеңберінде осындай фотокөрмелерді Батуми және Боржоми қалаларында өткізу жоспарлануда.