Қазақстан Елшісі Грузия Парламентінде кездесу өткізді

Қазақстан Елшісі Грузия Парламентінде кездесу өткізді

2021 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Грузия Парламенті мәдениет комитетінің Төрағасы Элисо Болквадземен және комитет мүшесі Хатуна Квицианимен жұмыс кездесуін өткізді.

Тараптар мәдениет және өнер саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Киноиндустрияны қоса алғанда, бірлескен арт-жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне қатысты пікір алмасты. Халықаралық диалогты сақтау және әртістерімізді мәдени қауымдастық өміріне тарту үшін Батуми Қара теңіз классикалық музыка және өнер фестивалі, сондай-ақ Қазақстандағы осындай конкурстар аясында тұрақты байланыстар орнату мүмкіндігі қарастырылды.

Сонымен қатар, грузин депутаттары музыкалық білім берудің және ұлттық көркемдік-педагогикалық кадрларды даярлаудың қазақстандық моделін зерделеуге қызығушылық танытты. Осы мақсатта парламентаралық ынтымақтастық шеңберінде Элисо Болквадзенің басшылығымен грузин делегациясының Нұр-Сұлтан қаласына сапары жоспарлануда.