Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығын құру идеясын 2018 жылғы қазанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI съезінің қатысушылары көтерген болатын.
2019 жылы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №226 қаулысымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы құрылды.
Орталық қызметінің негізгі тақырыбы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын халықаралық деңгейде насихаттау.
Орталықтың мақсаттары мен міндеттері
2020 жылдың 26 мамырынан бастап Орталықта Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты құрылды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы Съездің жұмыс органы болып табылады (2003 жылғы 23-24 қыркүйекте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І Съезі барысында форумға қатысушылар Съездің жұмыс органы – Хатшылық құру туралы шешім қабылдады).
Хатшылық Съез сессиялары арасындағы қызметті қамтамасыз етеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы саналады.
Хатшылықтың мүшелері – Съезге қатысушы әлемдік діндер лидерлерінің өкілдері, олардың арасында ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм, индуизм, халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.
Хатшылық жыл сайын жиналады және келесі мәселелерді қарастырады:
– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі шешімдерінің жүзеге асырылуы;
– Съез мәжілістерін дайындауды қамтамасыз ету;
– негізгі тақырыптарды, ғаламдық күн тәртібін, жұмыс регламенттерін, Съездің қорытынды құжаттарының жобаларын (Декларациялар, Үндеулер) үйлестіру;
– конфессияаралық және өркениетаралық диалог мәселелері бойынша халықаралық құрылымдармен өзара әрекеттестікті үйлестіру.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі
Съездің шығу тарихы
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі алғаш рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өткізілді.
2003 жылдың 13 ақпанында христиан, мұсылман, еврей ұйымдарының өкілдері қатысқан Халықаралық бейбітшілік пен келісім конференциясында сөйлеген сөзінде Елбасы барлық конфессиялардың өкілдеріне халықаралық көшбасшылардың және дәстүрлі діндер Съезін Қазақстанда өткізу туралы үндеу тастады.
Католик шіркеуінің өкілдері Қазақстан Президентінің Ватиканға сапары кезінде алғашқылардың бірі болып Съезд идеясын қолдады.
Съездің мақсаты:
Съездің негізгі бағыты:
Съездің міндеттері:
Съездің хронологиясы:
2003, 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алты Съезіне ислам, христиан, иудаизм, буддизм, синтоизм, даосизм және басқа да дәстүрлі діннің көрнекті өкілдері мен жетекшілері қатысты.
Съездің диалог алаңдарында діни бірлестіктердің рухани жақындасуына байланысты мазмұнды және тағылымды отырыс өткізіліп, нәтижесінде діндер саммитінің бірлескен қорытынды құжаттары - әлем елдерінің азаматтарына, халықтары мен үкіметтеріне арналған декларациялар мен үндеулер қабылданды.
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының серіктестері
Өркениеттер альянсы (БҰҰ, АҚШ), Бүкіләлемдік Ислам Лигасы (KСA), Король Абдулла бен Абдель Азиз Халықаралық дінаралық және мәдениаралық диалог орталығы: KAICIID (KСA), Мұсылман ақсақалдар кеңесі (БАӘ), Толеранттылық пен бейбітшілік жөніндегі ғаламдық кеңес (БАӘ), Халықаралық мәдени дипломатия институты (БАӘ), Дін - бейбітшілік үшін (АҚШ), Дүниежүзілік Лютеран Федерациясы (Швейцария), Халықаралық ислам университетінің исламтану институты (Пәкістан), Дінаралық диалог орталығы аль-Азхар (Египет), Баку Халықаралық дінаралық және өркениетаралық ынтымақтастық орталығы (Әзірбайжан) және Шарджа университеті (БАӘ), Конфессияаралық диалог бойынша папалық кеңес (Ватикан), Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Ислам өркениеті орталығы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Назарбаев Университеті, «Хабар» Агенттігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі.