Қазақстан мен Грузия тау шаңғысы курорттарының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан мен Грузия тау шаңғысы курорттарының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2021 жылғы 29 маусымда ҚР Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен «Chimbulak Development» ЖШС мен «Mountain Trаil Agency» ЖШҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға «Chimbulak Development» ЖШС Бас директоры Ринат Абдрахманов және «Mountain Trail Agency» директоры Ираклий Тчиракадзе қатысты.

Құжат қазақстандық «Шымбұлақ» тау-кен курорты мен грузиялық «Гудаури», «Бакуриани», «Местия» және «Годердзи» арасындағы өзара тиімді серіктестікті дамытуға, сондай-ақ тау-шаңғы курорттарының сервисі мен инфрақұрылымын дамыту саласында тәжірибе алмасуға бағытталған.