Грузиядағы ҚР Елшілігі Жеңіс Күнін атап өтуде

Грузиядағы ҚР Елшілігі Жеңіс Күнін атап өтуде

2021 жылғы 9 мамырда Тбилиси қаласында ҚР Грузиядағы Елшілігінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 76 жылдығына орай гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Салтанатты шара Мәңгілік алау мен белгісіз солдаттың қабірі орналасқан Ваке астаналық саябағында өтті. Осы айтулы күні қазақстандық дипломаттар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін еске алды.