Ұлы Жеңіс күніне құттықтаулар

Ұлы Жеңіс күніне құттықтаулар

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76-жылдығына байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың атынан Грузия Президенті С.Зурабишвилиге құттықтаулар жіберілді.

Жолдауларда біз үшін әрдайым ерекше және қымбатты мерекенің фашизмге қарсы ең ауыр шайқастарда өз Отанын жанқиярлықпен қорғаған әкелеріміз бен аталарымыздың, сондай-ақ жауды жеңуге үлкен үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің өлмес ерлігін еске түсіретіні атап көрсетілген.

Еліміздің басшылары Грузияның ержүрек соғыс және еңбек ардагерлеріне шын жүректен ризашылықтарын білдіре отырып, ардагерлерге зор денсаулық пен амандық тіледі.