Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Мұхаметжанов жұмыс сапармен Поти теңіз портына барды

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Мұхаметжанов жұмыс сапармен Поти теңіз портына барды

Ү.ж. 3 мамырда Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Мұхаметжанов жұмыс сапармен Поти теңіз портына (Грузия) барды. Сапар барысында Б.Мұхаметжанов «ARM Terminals Poti» басқарушы директоры Келд Мосгаард Кристенсенмен кездесті.

Тараптар көліктік-логистикалық мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Қазақстаннан жеткізілетін астықты одан әрі экспорттау үшін сақтау мақсатында порт терминалында қазақстандық тарапқа алаңдар ұсыну (сатып алу немесе жалға беру) туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.