Қазақстан азаматтарының назарына Грузияда карантин режимінде болу тәртібі туралы

Қазақстан азаматтарының назарына Грузияда карантин режимінде болу тәртібі туралы

Грузия 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген халықаралық тұрақты рейстерге барлық шектеулерді алып тастады.

Грузияның ведомствоаралық үйлестіру кеңесі қабылдаған (COVID-19-мен күресу мақсатында құрылған) шешімге сәйкес, 2021 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан азаматтары коронавирусқа қарсы вакцинация болған жағдайда немесе теріс ПТР-тест болған кезде және 3-ші күні міндетті түрде қайта тестілеу кезінде Грузияға әуе жолымен келуіне болады.

2021 жылғы 15 наурыздан бастап Эйр-Астана әуекомпаниясы аптасына 3 рет (сейсенбі, жұма, жексенбі) «Алматы-Тбилиси-Алматы» бағыты бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асырады. А.ж. 15 сәуірінен бастап аптасына бір рет (әр бейсенбі) СКАТ әуекомпаниясы «Ақтау – Тбилиси – Ақтау» бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастады.

2021 жылдың мамыр айынан бастап «FlyArystan» Авиакомпаниясы «Ақтау – Кутаиси», «Атырау – Кутаиси», «Нұр-Сұлтан – Кутаиси», сондай-ақ «Алматы-Батуми» бағыттары бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Грузияға құрлық арқылы келуге келетін болсақ, қазіргі шектеулер режимі сақталуда.

Қазіргі таңда Грузияда сағат 21:00-ден 05:00-ге дейін коменданттық сағат орнатылған, яғни, осы уақыт аралығында жаяу да, көлікпен де жүруге, сондай-ақ қоғамдық орындарда болуға тыйым салынады. Сонымен қатар, Грузия Үкіметі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жаңа шектеулер енгізу мүмкіндігін қарастыруда.