ҚР Грузиядағы Елшісі Боржомидегі экологиялық акцияға қатысты

ҚР Грузиядағы Елшісі Боржомидегі  экологиялық акцияға қатысты

Жұмыс сапары аясында 2021 жылы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Мұхаметжанов Самцхе-Джавахети аймағының губернаторы Б.Амиранашвилимен, Боржоми қаласының әкімі Д.Заалишвилимен және «IDS Borjomi Georgia» бас директоры М.Провоторовпен кездесті.

Тараптар туризм саласындағы аймақаралық байланыстар мен ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық қатынастарға, оның ішінде Қазақстанға «Боржоми» минералды суларын экспорттауға, ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Б.Мұхаметжанов Грузия ұлттық орман шаруашылығы агенттігі ұйымдастырған экологиялық акцияға қатысты. Боржоми үстіртінің аумағында 2000 кавказ қарағай көшеттері отырғызылды. Жыл сайынғы іс-шараға сонымен қатар Боржоми муниципалитеті әкімшілігінің қызметкерлері, Боржоми оқу орталығының тәрбиеленушілері және жергілікті тұрғындар қатысты.