Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігі құрылтайшыларының жиналысы

Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігі құрылтайшыларының жиналысы

2021 жылғы 26 наурызда Тбилисиде Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің бастамасымен Қазақстанның Құрметті консулы Г.Джахуташвили және екі елдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігі құрылды. Бірлестіктің мақсаты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, екі ел арасындағы туризм және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту болып табылады.

Бірлестіктің құрылтайшылары «Halyk Bank Georgia» АҚ, «Rompetrol Georgia» ЖШҚ, «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ, «Air ASTANA representative in Georgia» АҚ, «Silk Road Group Holding» ЖШҚ, «Capitol Group» ЖШҚ, «GK Logistics» ЖШҚ сияқты қазақстандық және грузиялық компаниялар. Бірінші кездесуде Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігінің құрылтайшылары бірлестік алдында тұрған міндеттерді, оның ішінде: екі ел арасындағы сауда қатынастарына талдау жүргізу, сауда мен инвестициялар көлемін ұлғайту, экономикалық, әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық салаларда бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Грузияда жалпы инвестиция көлемі 450 миллион АҚШ долларынан асатын қазақстандық капиталы бар 30-ға жуық компания жұмыс істейді.