Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы №2 ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы №2 ақпараттық хабарлама

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Қазақстан азаматтарының назарына!

 

2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.

ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 адам; «NurOtan»партиясы - 126 адам; «ADAL»Саяси партиясы - 16 адам; «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы - 38 адам; «Қазақстан Халық партиясы»  - 113 адам.

Сайлау алдындағы бағдарламалары мен саяси партиялар кандидаттарының тізімі туралы мәліметтері бар кестемен қосымшада танысуға болады.

Атап өтерлігі, сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеру үшін Елшіліктің теелфоны бойынша: 032 255 20 00 және tbilisi@mfa.kz  электрондық пошта арқылы біле аласыз.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау 10 қаңтар 2021 жылы Тбилиси қаласы, Львов көшесі, 77 мекенжайында, №277 сайлау учаскесінде, жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.