Туризм және спорт министрі Грузияға жұмыс сапарымен барды

Туризм және спорт министрі Грузияға жұмыс сапарымен барды

2026 жылғы 19-20 наурызда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың Грузияға жұмыс сапары өтті.

Сапар аясында Е.Мырзабосынов Грузияның Спорт министрі Шалва Гоголадземен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар спорт саласындағы Қазақстан-Грузия өзара іс-қимылын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Атап айтқанда, қазақстандық тарап грузиялық әріптестерін Қазақстан Республикасында өткізу жоспарланған халықаралық спорттық іс-шаралар туралы хабардар етті. Ү.ж. 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін «Болашақ ойындарын» өткізуге дайындық жұмыстарына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, сапар бағдарламасы шеңберінде Қазақстан министрі Тбилиси қаласында өткен дзюдодан Tbilisi Grand Slam халықаралық турниріне қатысты. Жарысқа Қазақстан құрамасын қоса алғанда, түрлі елдердің жетекші спортшылары қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Нұрқанат Серікбаев 66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын, Талғат Орынбасар 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.