Қазақстанның Рустави қаласындағы Құрметті консулдығының ашылуы

Қазақстанның Рустави қаласындағы Құрметті консулдығының ашылуы

2020 жылғы 5 қарашада Рустави қаласында Квемо-Картли және Мцхета-Мтианети консулдық округтерін қамтитын Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы кеңсесінің ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов, Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Хвтисиашвили, Квемо-Картли өңірінің губернаторы Шота Рехвиашвили, Рустави қаласының мэрі Ираклий Табагуа, сондай-ақ Грузияның қоғамдық-саяси және іскерлік топтарының өкілдері қатысты.

Рәсімді ашқан ҚР Грузиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Грузияның қызықты экономикалық, мәдени, туристік аймақтарының бірінде Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылуы екі елдің дәстүрлі достық пен өзара сенім рухындағы ынтымақтастығының дамуын айғақтайтынын атап өтті. Тәуелсіздік жылдары ішінде екі мемлекет қарым-қатынастардың қалыптасу кезеңін сәтті еңсеріп, уағдаластықтарды практикалық мазмұнмен және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын іздестірумен толықтыра отырып, жаңа сапалы деңгейге шықты.

ҚР Құрметті консулы Георгий Джахуташвили өз сөзінде Құрметті консулдық Қазақстан мен Грузия арасындағы экономикалық, мәдени, спорттық, білім беру байланыстарын дамытуға толық көмек көрсететініне сендірді. Оның айтуынша, ҚР қарапайым азаматтары мен заңды тұлғалары өз құқықтары мен мүдделерін қорғауда, сондай-ақ қиын жағдайларға түскен кезде, әсіресе орын алып жатқан коронавирус індеті мен карантиндік шектеулер кезінде көмек ала алады. Сонымен қатар, Құрметті консулдық қазіргі Қазақстанға қызығушылық танытқан грузия азаматтары үшін ақпараттық орталыққа айналуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Батуми қаласындағы (Аджар Автономиялық Республикасы) Құрметті консулдығы 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.

 

Несмотря на пандемию, Грузия и Казахстан укрепляют сотрудничество. В городе Рустави открылось второе почетное консульство Казахстана, передает «Хабар 24».