
Тбилиси, 15 наурыз – Тбилисиде Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі базасында республикалық референдум өткізу үшін № 441 сайлау учаскесі ашылды.
Сайлау учаскесінің құрылуы Грузия аумағындағы Қазақстан азаматтарына жалпыұлттық дауыс беруге қатысуға және өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыруға мүмкіндік берді. Грузиядағы референдумда тұрақты тұратын да, уақытша тұратын да 134 қазақстандықтар дауыс берді.
Дауыс беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және ҚР Орталық сайлау комиссиясының белгіленген рәсімдеріне сәйкес сағат 7: 00-ден 20: 00-ге дейін өтті. Сайлаушылар үшін өз еріктерін еркін және жайлы білдіруге мүмкіндік беретін барлық қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, алғашқылардың бірі болып дауыс берген азаматтарға шағын естелік сыйлықтар табыс етілді.