Қазақстандық мұнай сервисі компаниясы Грузия нарығындағы қызметін кеңейтуде

Қазақстандық мұнай сервисі компаниясы Грузия нарығындағы қызметін кеңейтуде

Тбилиси, 16 ақпан - ҚР Елшілігінде «Ақсу Drilling» ЖШС басшылығы Айтқали Төлеумағанбетов және Саят Құрманбаевпен кездесу өтті.

Әңгімелесу барысында А.Төлеумағанбетов пен С.Құрманбаев Ақтау қаласындағы бас кеңсесімен мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау және жөндеу саласындағы оператор болып табылатын қазақстандық мұнай сервисі компаниясының қызметі туралы хабардар етті. 2026 жылғы қаңтардан бастап Грузия аумағында үнді тапсырыс беруші компаниясының қатысуымен халықаралық жоба шеңберінде тереңдігі 4 мың метрге дейінгі мұнай ұңғымаларын қайта іске қосу және жөндеу бойынша қызметтер көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Ақсу Drilling» үшін аталған жоба қазақстандық технологияларды пайдалануымен алғашқы шетелдік тәжірибе.

Өз кезегінде Елші «Ақсу Drilling» басшылығына кәсіби табыс тілеп, қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Аталған ынтымақтастық өндірістік кооперацияны дамытудың және Қазақстан мен Грузия арасындағы мұнай саласындағы экономикалық байланыстарды нығайтудың практикалық үлгісі ретінде қарастырылатыны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.