Қазақстан Елшілігінде Поти портындағы APM Terminals компаниясымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Қазақстан Елшілігінде Поти портындағы APM Terminals компаниясымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Тбилиси, 26 қаңтар – ҚР Елшісі Мәлік Мырзалин APM Terminals Өңірлік директоры Игорь ван ден Эссен және APM Terminals Poti басқарушы директоры Кристиан Родермен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар Поти портындағы логистика және көлік саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ «Орта дәліз» аясындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің ықтимал бағыттарын талқылады.

Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетіне және тұрақты логистикалық тізбектерді қамтамасыз етудегі Грузияның қара теңіз порттарының рөліне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, порт инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру, логистикалық процестерді цифрландыру және көлік секторына инвестициялар тарту мәселелері қарастырды.

Елші М.Мырзалин Қазақстанның халықаралық логистикалық операторлармен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін атап өтіп, APM Terminals-пен өзара іс-қимылдың маңыздылығын ескертті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық нарықтардағы сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.