Қазақстан Елшілігінде Құрметті консулдар қызметінің қорытындылады

Қазақстан Елшілігінде Құрметті консулдар қызметінің қорытындылады

Тбилиси, 20 қаңтар – Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінде елінің түрлі өңірлерінде тіркелген Құрметті консулдармен кезекті кездесу өтті.

Іс-шара барысында Құрметті консулдар 2025 жылдың екінші жартысында қазақстандық азаматтар мен ұйымдардың құқықтары және мүдделерін қорғау, Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту саласындағы қызмет нәтижелерін жариялап, атқарылған жұмыстар туралы есептерін берді.

Алдағы жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылауға, сондай-ақ оларды іске асырудың басым бағыттары мен нақты шараларын айқындауға ерекше назар аударылды.

Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша Құрметті консулдарға Қазақстанның Грузия өңірлеріне қатысуын кеңейту мақсатында олардың қызметінің басым бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берілді.