Қазақстан Грузияда инвестициялық және экспорттық әлеуетін таныстырды

Қазақстан Грузияда инвестициялық және экспорттық әлеуетін таныстырды

Тбилиси, 2025 жылғы 26 желтоқсан - Елшілік Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктеріне арналған конференция өткізді.

Іс-шара Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі іскер топтарының мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдерін біріктірді.

Конференция барысында қатысушылар Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі бағыттары, елдің инвестициялық климаты және мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етілді. Атап айтқанда, Астана халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, IT-технологиялар сияқты салалардағы 120-дан астам қазақстандық өнім түрлері ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана грузиялық бизнес-сектор Қазақстан экономикасына 130 млн АҚШ долларынан астам инвестиция салды. Бұл грузиялық инвесторлардың жоғары деңгейдегі сенімі мен қазақстандық нарыққа тұрақты қызығушылығын айғақтайды.

Сонымен қатар, Грузия Ұлттық статистика қызметіне сәйкес, 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша екі мемлекет арасындағы өзара сауда көлемі 925,6 млн, АҚШ долларына жетті. Аталған көрсеткіш берік сауда-экономикалық байланыстар туралы куәландырады және Қазақстанның Грузияның негізгі және сенімді сыртқы сауда серіктестерінің бірі ретіндегі мәртебесін растайды.

Конференция пікір алмасудың, жаңа іскерлік байланыстар орнатудың және экономикалық серіктестікті кеңейтуді талқылаудың тиімді алаңына айналды.