Қазақстанның Елшісі Sabado Academy кітапханасын кітаптар жинағымен толықтырды

Қазақстанның Елшісі Sabado Academy кітапханасын кітаптар жинағымен толықтырды

Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі М. Мырзалин Sabado Leadership Academy-ге қазақстандық және әлемдік авторлардың туындыларын қамтитын кітаптар топтамасын тапсырды.

Көшбасшылық дағдыларды мен сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін берілген басылымдар жаңа білім беру орталығының қалыптасуына және академия кітапханасының құралуына үлес қосты.

Сонымен бірге, іс-шара аясында Елші мен академияның басшылығы қазақстандық оқушыларды Sabado Leadership Academy-де қысқа мерзімді оқыту мүмкіндігін талқылады. Бұл бастаманы іске асыру жастар алмасуларын нығайтуға және Қазақстан мен Грузия арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Академияның басшылығы кітапхананы толықтырудың маңыздылығын, сондай-ақ екі ел арасындағы білім беру және мәдени байланыстарды дамытуға бастаманың қосқан үлесін атап өтті.