
Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин грузиялық дипломат күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Іс-шара барысында жиналғандарға Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Грузия Премьер-Министрі Ираклий Кобахидзе, Грузия Парламентінің Төрағасы Шалва Папуашвили, Грузия Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвили сөз сөйледі.
Грузиялық дипломаттардың отансүйгіштігі, қажырлы еңбегі мен жоғары кәсібилігі Грузияның сыртқы саяси мақсаттарына қол жеткізуге, елдің халықаралық аренадағы ұлттық мүдделерін қорғауға және оның егемендігін нығайтуға ықпал ететіні атап өтті.
Қазақстан Республикасының Елшілігі осы мүмкіндікті пайдаланып, грузиялық достары мен әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақ-береке, Грузияның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейді.