Республика күніне орай, 2025 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі Григол Робакидзе атындағы Университетпен бірлесіп, «Орта державa» ретіндегі Қазақстанның әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.
Конференцияға белгілі грузин ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ көрнекті қазақстандық саясаттанушы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Қалиев қатысты.
Конференцияның алдында Қазақстан Елшісі М.Мырзалин мен Университет ректоры М.Тавхелидзенің қатысуымен Қазақ халықының тарихы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қатысты кітаптар мен құжаттарды Қазақ тарихы мен мәдениеті кабинеті қорығына табыстау рәсімі өткізілді.
Қатысушыларға арнаған сөзінде М.Мырзалин егемендік жарияланған 35 жыл ішінде Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, әлемдік қоғамдастықта берік жайғасымға ие және жауапты орта держава ретінде лайықты құрмет пен беделге ие қуатты әрі тиімді мемлекет ретінде қалыптасқанын атап өтті. Елші Президент Қ.Тоқаевтың сенімді жаһандық қауіпсіздік архитектурасын қалпына келтіруге және көлік-логистика желісін қалыптастыруға бағытталған бастамаларына ерекше назар аударды.
Өз сөздерінде конференцияның қатысушылар жаһандық трансформация мен технологиялық прогрестің әсерімен қарқынды өзгеріп келе жатқан қазіргі әлемде Қазақстан сауда, инвестиция, көліктік өзара байланыс сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастық архитектурасын жетілдіру жөніндегі бастамаларымен халықаралық байланыстарды нығайтуға және өзекті халықаралық проблемаларды шешуге ықпал ететінін атап өтті.