Паспорттағы фотосуреттің өзектілігі туралы

Паспорттағы фотосуреттің өзектілігі туралы

Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшiлiгiнiң Консулдық кеңсесі паспорттағы фотосурет өзектi болуы тиiс екенiн еске салады.

Бұл әсіресе паспорт алған сәттен бастап сыртқы келбеті айтарлықтай өзгеруі мүмкін кәмелетке толмағандарға қатысты.

Сыртқы келбетімен фотосуреттің сәйкессіздігі Грузия Шекара полициясының қызметкерлерінде күмән тудыруы мүмкін және жеке тұлғаны сәйкестендірудің қосымша рәсімдеріне әкеледі.

Грузин тәжірибесінде сыртқы келбетінің фотосуреттен айтарлықтай айырмашылығы шекарада кідірістерге, ал кейбір жағдайларда кіруге немесе шығуға тыйым салуға әкелуі мүмкін.

Грузияның мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шекаралық бақылаудан өту кезінде жеке басын сәйкестендіру кезінде проблемаларды болдырмау үшін, егер паспорттағы фотосурет ескірген болса, жаңа фотосуреті бар құжатты жаңарту ұсынылады.