Грузияда болу қағидаларының өзгерістері туралы

Грузияда болу қағидаларының өзгерістері туралы

Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің Консулдық кеңсесі 2025 жылғы 26 маусымда Грузия Парламенті 2025 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы «Грузия Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Грузия заңын қабылдағанын хабарлайды.

Заңнамалық түзетулер:

✓ шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Грузияда заңды болу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 айға дейінгі мерзімге болғаны үшін - 1000 грузин лариі мөлшерінде айыппұл және 6 ай мерзімге Грузияға келуге тыйым салу;

✓ шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Грузияда заңды болу мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан бір жылға дейінгі мерзімге болғаны үшін - 2000 грузин лариі мөлшерінде айыппұл салу және Грузияға 2 жыл мерзімге келуге тыйым салу;

✓ шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Грузияда заңды болу мерзімі өткен күннен бастап бір жылдан астам мерзімге болғаны үшін - 3000 грузин лариі мөлшерінде айыппұл және Грузияға 3 жыл мерзімге келуге тыйым салу;

✓ Грузияның аумағы арқылы шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның транзиттік өту ережелерін бұзғаны үшін – 500 грузин лариі мөлшерінде айыппұл салынады.

Бұдан басқа, Грузияда тiркелген жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның Грузияға шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды шақыруы және (немесе) оларға қызмет көрсетуi және (немесе) Грузияда тұруға, жұмыс iстеуге және оқуға құқық алудың белгiленген ережелерiн бұза отырып, оның қызметiн пайдалануы ескерту жасауға немесе 2000 грузин лариі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.