Қазақстан Елшісінің Литва Елшісімен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісінің Литва Елшісімен кездесуі туралы

Қазақстан Тбилиси қаласындағы Елшілігінде Елші Мәлік Мырзалин Литва Республикасының Грузиядағы Елшісі Дарюс Виткаускас мырзамен кездесті.

Әңгімелесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Литва арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың бүкіл спектрі бойынша қарым-қатынастардың жоғары деңгейі мен сындарлы сипатын атап өтті.

Сұхбаттасушылар өз елдері мен аккредиттелген мемлекет арасындағы қарым-қатынастар, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер туралы пікір алмасты.

Елші М. Мырзалин әріптесін Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды.

Кездесу соңында дипломаттар байланыстарды жалғастыру және өзара ынтымақтастық туралы келісті.