Беларусь Республикасының жаңа Елшісімен кездесу туралы

Беларусь Республикасының жаңа Елшісімен кездесу туралы
 
🇰🇿 🤝 🇧🇾 Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәлік Мырзалин Беларусь Республикасының Грузиядағы жаңа Елшісі Николай Рогащукпен кездесті.
 
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ аккредитация еліндегі өңірлік және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.
 
Елші М.Мырзалин сұхбаттасушыны Қазақстанда жүргізілген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды.
 
Елші Н.Рогащук Беларусьтің екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұмтылысын растады.
 
Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар екі ел арасындағы тұрақты диалогты қолдауға және практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.