Қазақстанның Елшісі Бейбіт Атамқұлов Ташкенттың Хокимі Шавкат Өмірзақовпен кездесті

Қазақстанның Елшісі Бейбіт Атамқұлов Ташкенттың Хокимі Шавкат Өмірзақовпен кездесті

Ташкент мэриясында Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың елорда хокимі Шавкат Өмірзақовпен кездесуі өтті.

Тараптар мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Елші өңіраралық байланыстардың қарқынды дамуы аясында астаналар арасындағы белсенді өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Шавкат Өмірзақов өз кезегінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік ағым өсіп келе жатқанын атап өтті — 2024 жылы Өзбекстан астанасына 1 миллионға жуық қазақстандық келді. Сондай-ақ, ол Ташкентте құрылыс, білім беру, медицина, қаржы секторы, IT, сауда және басқа да салаларда жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың іскерлік белсенділігінің артқанын хабарлады.

Сонымен қатар, ол Өзбекстан президентінің Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырма аясында Ташкенттегі "Астана" және Астанадағы "Ташкент" қонақ үйлерінің құрылысы пысықталып жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта инвесторлармен оларды іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Анықтама: Ташкентте tenge Bank, BI Group, Astana Motors, Freedom Finance, PTC Holding, Air Astana және Fly Arystan авиатасымалдаушылары, сондай-ақ Magnum және Galmart ірі сауда желілері сияқты қазақстандық компаниялар табысты жұмыс істеуде.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 1 041 кәсіпорын тіркелген.