Ташкентте «Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Өзбекстан: өңірлік ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ташкентте «Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Өзбекстан: өңірлік ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2025 жылғы 6 наурызда Әлемдік экономика және дипломатия университетінде «Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Өзбекстан: өңірлік ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісі Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафoев, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, ғалымдар, жетекші талдау және ғылыми-зерттеу орталықтарының сарапшылары және журналистер қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қазіргі заманғы жаһандық қауіпсіздік қатерлері туралы баяндамалар жасап, пікір алмасты. Олар ШЫҰ аясында ынтымақтастықты кеңейтудің, елдер арасындағы өзара сенімді нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап өз міндеттерін атқаруға кіріскен ШЫҰ Бас хатшысы Н. Ермекбаев ұйымның алдағы жұмыс жоспарларымен, оның ішінде ШЫҰ аясындағы сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру және ұйымның сыртқы серіктестермен өзара іс-қимылын күшейту бағытындағы жоспарларымен таныстырды.

Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов өз сөзінде ШЫҰ-ның үдемелі дамуын атап өтіп, Қазақстан Республикасының 2024 жылғы төрағалығының қорытындыларын баяндады. Өткен жылы ШЫҰ шеңберінде әртүрлі деңгейдегі 150-ге жуық іс-шара өткізіліп, маңызды жаңа келісімдер мен құжаттар қабылданды. 2024 жылдың шілде айында Астанада өткен жаңа «ШЫҰ плюс» форматының алғашқы отырысына ерекше назар аударды. Бұл отырысқа ұйымға мүше мемлекеттермен қатар, диалог серіктес елдері, халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ-ның басшылары да қатысты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар ШЫҰ-ны одан әрі дамытуға бейілділігін білдіріп, ұйымды тиімді диалог және практикалық ынтымақтастық алаңы ретінде маңызды екенін атап өтті.