Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрі Иброхим Абдурахмановпен кездесті

Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрі Иброхим Абдурахмановпен кездесті

2025 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Иброхим Абдурахмановпен кездесті.
Кездесу барысында 2024 жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қорытындысы, сондай-ақ 2025 жылға арналған іс-шаралар күнтізбесі қаралды.
Тараптар 2024 жылы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Миромонұлы Мирзиёевтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген Жоғары мемлекетаралық кеңестің шешімдері мен Практикалық іс-шаралар жоспарының жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Талқылау барысында өсімдік селекциясы, тұқым шаруашылығы, топырақтану және суды үнемді пайдалану салаларында ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту қажеттілігі атап өтілді.

Анықтама үшін: 2024 жылы өзара сауда көлемі 4,1 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері 1,66 миллиард АҚШ долларын құрады (Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына экспорт – 1,41 миллиард АҚШ доллары, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына импорт – 250 миллион АҚШ доллары).

Кездесу қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту және ынтымақтастықты жалғастыруға деген дайындық расталды.