2025 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен кездесті.
Кездесу барысында өткен жылдың қорытындылар, 2025 жылға жоспарланған іс-шаралар күнтізбесі қаралды.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың оң динамикасын және Мемлекет басшылары арасындағы тығыз саяси диалогтың маңыздылығын атап өтіп, өзара сенім мен достық негізінде байланыстарды одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.
Әсіресе сауданы дамыту, экономикалық өзара іс-қимылды нығайту, энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және көлік байланысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік салаларындағы ынтымақтастықты дамыту өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың негізгі элементтері ретінде атап өтілді.
Өңіраралық байланыстарды нығайту мәселесі жеке қаралды. Тараптар екі ел облыстары арасындағы тікелей өзара іс-қимылдың маңыздылығын бір ауыздан қолдап, 2024 жылғы қазанда Самарқанд қаласында Өңіраралық ынтымақтастық форумының табысты өткенін атап өтті.
Кездесу соңында тараптар өзара түсіністік пен одақтастық рухында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.