
Ташкент, 2024 жылғы 29 ақпан – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен «Жібек-Жолы» шекаралық-кеден бекетінде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден және шекара қызметтері өкілдерінің кездесуі өтті. Аталған шараға Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов қатысты.
Қазақстандық тараптан ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов, Өзбекстан тарапынан ӨР Экономика және қаржы министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары Отабек Ибрагимов қатысты.
Кездесуде кеден саласындағы ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде «Жібек-Жолы» шекаралық-кеден бекетін қайта жаңғырту және «Гишкөпір» шекаралық-кеден бекетін уақытша жабу перспективалары талқыланды.
Кездесу аясында делегациялар құрылыс және қайта құру жұмыстарының ағымдағы барысымен танысу мақсатында «Гишткөприк», «Навои» (Өзбекстан) және «Қапланбек» (Қазақстан) шекаралық-кеден бекеттерін аралады.
Сондай-ақ екі елдің кеден органдарының ақпараттық өзара ақпаратық байланыстарын жақсарту бойынша ұсынысы талқыланды. Жүктерді өткізу рәсімдерінің уақытын қысқарту үшін шекарада біржолғы бірлескен бақылау тетігін енгізу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл шаралардың барлығы екі ел азаматтарына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ көліктер мен жүктердің жылдам өтуіне бағытталған.
Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы кедендік ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары мен келісімдерін көрсететін хаттамаға қол қойылды.