Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі – парыз.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер – көк байрақ, Елтаңба және әнұран.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар ішінде мемлекеттік рәміздер әлемнің саяси картасында елдің идентификаторы ғана емес, маңызды рөл атқарды. Бұл, әсіресе, азаматтардың басым көпшілігінде «Мен қазақстандықпын!» деген мақтаныш сезімі бар соңғы жылдары сезіледі.

Әр елдің мемлекеттік рәміздері халықтың арманын, мұрасын, мақтанышы мен құндылықтарын көрсетуі керек. Қазақстан Республикасының рәміздерінің тамыры көне. Елтаңбамызға, Туымызға қарасаңыз, барлық рәміздер тарих қойнауынан бізге жеткен тарихи жәдігерлер мен әлемдік таным құндылықтары негізінде жасалған.