Тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияда сыртқы саясаттың тарихи аспектілер мен өзекті мәселелерін талқылады

Тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияда сыртқы саясаттың тарихи аспектілер мен өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының бірлескен ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде» атты халықаралық конференция өтті. Сыртқы саяси ведомство басшылығының, дипломатия ардагерлерінің, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, ғылыми-зерттеу институттары өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шара отандық дипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған болатын.

1992 жылғы 2 шілдеде ҚР Президентінің Жарлығымен «Сыртқы істер министрлігі туралы» ереже бекітілді. 2007 жылдан бастап бұл күн Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күні ретінде атап өтіледі.

Іс-шараны аша отырып, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Президент

Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхатын оқып берді. Онда отандық дипломатиялық қызметтің 30 жылдығы Жаңа Қазақстанды құрудың бетбұрыс кезеңімен тұспа-тұс келгені атап өтілді. Сыртқы істер министрлігіне еліміздің жаңа кезеңдегі дамуы үшін мүмкіндігінше қолайлы сыртқы ортаны сақтау бойынша зор жауапкершілік жүктеледі.