Қазақстан Президенті БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына қатысты

Қазақстан Президенті БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына онлайн форматта қатысты.

«БРИКС елдері арасында жоғары деңгейдегі серіктестік қатынас орнату, жаһандық дамудың жаңа дәуірін құру» атты тақырыптағы БРИКС-тің 14-саммиті Қытайдың төрағалығымен өтіп жатыр. 

Қазақстан Президенті жиын қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, осы маңызды іс-шараға шақырғаны және ұйымдастырғаны үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге ризашылығын білдірді.

Толығырақ: https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-prezidenti-briks-uyymynyn-zhahandyk-damu-zhonindegi-zhogary-dengeyli-dialogyna-katysty-2453330