АХҚО Қаржылық қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) қаржы регуляторының капитал және қаржы өтімділігіне қатысты реттеушілік талаптарын бұзғаны үшін Sanity Capital Ltd компаниясы лицензиясының жұмысын тоқтаттты.
⠀
«Sanity Capital Ltd компаниясының ешбір клиенті зардап шеккен жоқ және оларға тәуекел қатері туған жоқ. Бірақ бұл - АХҚО құзыреті аймағында/ құзыреті аймағынан қаржылық қызметтерді жүргізу өкілеттігін сақтағысы келетін компаниялардың AFSA-ның заңды тұлғалардың кәсіби жарамдылық пен адалдық талаптарына қатысты төменгі талаптарын сақтауы қажеттілігіне көз жұмып қарауы деген сөз емес», - деп түйіндеді AFSA Бас директорының орынбасары Гаррет Линг.
⠀
Бұған қоса Sanity Capital Ltd компаниясы Бекітілген және Тағайындалған өкілдер туралы міндетті тағайындалулар туралы AFSA талаптарын да орындай алмады. Осы мәселелерді уақытында шешу туралы ескертулер жасалынғандығына қарамастан, Sanity Capital Ltd ол міндеттерді орындай алмады, сондықтан да AFSA компанияға қарсы іс-шараларды қабылдауға мәжбүр болды.