Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Д.Сатыбалды Ташкент қаласында орналасқан «Etalon Food Company» агрокешенінде болды

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Д.Сатыбалды Ташкент қаласында орналасқан «Etalon Food Company» агрокешенінде болды

Кәсіпорын Ұн және түйіршіктелген құрама жем өндірісіне бағытталған. Аталған жобаны жүзеге асыруға қазақстандық инвесторлар 1,6 миллион доллар салған.

Кешен басшысы Ж.Абдрахмановпен кездесуде ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы қазақстан-өзбек кооперациясының өзекті мәселелері, инвестициялық жағдайлар, сондай-ақ кәсіпорынның даму перспективалары талқыланды.

Қазақстандық бизнесмен Өзбекстандағы бизнес-ахуалға қанағаттанатынын білдіріп, республиканың белсенді дамып келе жатқан өнеркәсіптік секторы қазақстандық инвесторлар үшін кең перспективалар ашатынын атап өтті.